Қоңырбайғұл – Байғұл тауының оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Қаражал қаласының солтүстігінде 25 км жерде орналасқан. Сарысу өзенінің аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 618 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта шамамен 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км-ден астам. Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстік бөлігі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Батысындағы Шашты тауы бірге қосарлана орналасқан.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас бетеге, боз, жусан, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары