Сарлағас – Жауыр тауының оңтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Айыртас ауылының шығысында 30 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 888 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Батыс беткейі тіктеу, шығысына қарай еңістеніп жонды белестерге ұласады. Таудың түпкі жыныстары жұмырланған, тауаралық аңғарлармен сай-жаралармен тілімденген. Солтүстік-батысында Өгізтау тауы, солтүстік-шығысында Шөладыр аңғары, батысында Шұбарайғыр қонысы бар.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бетеге, боз, бұталар өседі. Атырабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары