Қызылқұм – Зайсан қазаншұңқырындағы құмды алқап.
Географиялық орны Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Бөкен, Құлжын, Қайыңды өзендерінің аралығында.
Жер бедері Ауданы 340 км2, ұзындығы 43 км. Орта бөлігіндегі құм төбелердің салыстырмалы биіктігі 30-40 м.
Өсімдігі Төбелерінде арша, жүзгін, шайқурай, жусан, көкпек, тобылғы, өзен аңғарын бойлай шалғынды сораң шөп өседі. Ойыс жерлерде, 2 м тереңдікте грунт суы кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы құмдары