Бунгку (өз атаулары бунгку, лалаки) — Индонезияда тұратын халық. Жалпы саны 270 мың адам. Сулавесидің шығыс түбегінде және Вовони аралы маңында, негізінен жағалауда (бұрын - тауда) қоныстанған.
Тілі Олар бунгку, роута, корони, ламбату, рете, ландаве, вана, моронене, токотуа, вавонии, менуи, кулисусу субэтникалық топтарға бөлінеді. Тілі- бунгку тілі. Диалектілері: бунгку, корони, туламбату, моронене, вавонии, кулисусу. Индонезия тілі де кеңінен таралған.
Діні Бунгкулер - сүнниттік мұсылмандар, моронене, токоту арасында христиандар бар.
Тарихы 20-ғасырдың басына дейін бунгкуда жоғарғы билеуші басқаратын князьдік болды, оған 4 уездің бастықтары бағынды, ал оларға ауыл басшылары бағынды. Жоғарғы билеуші мен аудан басшыларының билігі белгілі бір отбасыларда мұра болды. 1949 жылы Индонезия Республикасының құрамына кірді.
Кәсібі Бунгку егіншілікпен күн көреді. Олар күріш, жүгері және тәтті картопты негізгі дақыл ретінде, ал кокос жаңғағы мен саго пальмаларын ұсақ дақылдар ретінде өсіреді. Бунгку сонымен қатар өз аймағында әлі де бар тығыз джунглиден шайыр мен ротан жинайды.
Өмір салты Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Дәстүрлі қоныстары шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері - ағаш пен бамбуктан жасалған төртбұрышты болып келеді.
Дәстүрлі киімдері Ерлер киімі еуропаланған, әйелдер киімі саронг.
Дәстүрлі тағамдары Тағамның негізі – күріш.Әлем халықтарының энциклопедиясы. Бунгку http://www.etnolog.ru/people.php?id=BUNG
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары