Шығыс Пруссия шабуылы — Ұлы Отан соғысы барысындағы ірі шабуыл операцияларының бірі.

Бұл операцияның аясында Инстербург, Млава-Эльбинг, Вормдитт-Мельзак, Хейльсберг, Кенигсберг, Земланд шабуылдары ұйымдастырылды.

Операция барысы 19 қаңтарда 2-ші Беларус майданының әскерлері Млаваны алды, ал 26 қаңтарда олар Балтық теңізіне және Вислаға шықты. 19 қаңтарда 3-ші Беларус майданының әскерлері Тильзитті, ал 21 қаңтарда Гумбиненді басып алды. 6 сәуірде Маршал Василевский бастаған әскерлер Кенигсбергтің шетіне шықты. 9 сәуірде Кенигсбергтің коменданты капитуляция жариялады. 17 сәуірде кеңестік әскерлер Фишхаузен қаласын алды. 25 сәуірде неміс бекінісі Пиллау құлады.

Нәтижелері Операцияның нәтижесінде кеңес әскерлері Шығыс Пруссияны алып, Польшаның солтүстік бөлігі мен Балтық жағалауын азат етті.

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс Санат:1945 жыл