Ауғанстан Ислам Әмірлігі () — 1996 жылдан 2001 жылға дейін Ауғанстанның аумағында орналасқан тарихи жартылай мойындалған ислам мемлекеті. Мемлекет Пәкістанның қолдауымен «Талибан» исламисттік қозғалысы азаматтық соғыс (1992—1996) нәтижесінде билікті басып алғаннан кейін пайда болды. — «In 1994 the Taliban was created, funded and inspired by Pakistan».. Мемлекет Пәкістан, Сауд Арабиясы, БАӘ, Түрікменстан (де-факто) және мойындалмаған мемлекеттерінен дипломатиялық мойындау алды.
Идеология және мемлекеттік құрылым Талибанның қоластындағы Ауғанстан қатал шариғат бойынша билеген теократиялық мемлекет болып саналған. Мемлекет басқару формасы бойынша Ауғанстан авторитарлы, тоталитарлы және автократиялық мемлекет болды; мемлекет басшысы — әмір (толық атауы — әмір әл-мүмин, ). 1996 жылы тағайындалған молда Мұхаммед Омар өзінің қолында барлық саяси, әскери және діни билікті ұстады«Аль-Каиде» нашли нового вождя svpressa.ru 18 мая 2011 года.
«Талибан» идеологиясы Ауғанстан аумағында нығайтылған, мысалға: теледидар, музыка және музыкалық аспаптар, бейнелеу өнері, алкоголь, компьютерлер мен Интернет, шахмат, ақ аяқ киім (ақ — Талибан туының түсі), жыныстық қатынас туралы ашық пікірталас және тағы басқалар тыйым салынды A Nation Challenged: the Law; No TV, no Chess, No Kites: Taliban’s Code, from A to Z. // New York Times, 22.11.2001. Әмірлік либералды демократияға, секуляризмға және батыстық өркениетке қарсы шыққан (әсіресе АҚШ пен Израильге)Nagamine, Yoshinobu. The Legitimization Strategy of the Taliban's Code of Conduct: Through the One-Way Mirror. — Palgrave Macmillan, 2016. — P. 19.Jeffrey, Craig. Keywords for Modern India / Craig Jeffrey, John Harriss. — Oxford University Press, 2014. — P. 77.. Талибтердің ойы бойынша, осы идеологияны құптамайтын адамдар — адасқандар, және қудалануға ұшырауға тиіс.
Сондай-ақ
Талибан
Ауғанстан
Дереккөздер
Санат:1996 жылы пайда болғандар Санат:Ауғанстан тарихындағы мемлекеттер Санат:Тарихи мемлекеттер