Октябрьское — Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауыл, Октябрь ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тобыл қаласынан шығысқа қарай 15 км жерде, Арақарағай орманының батыс бөлігінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1397 адамды (665 ер адам және 732 әйел адам) құраса, 2009 жылы 1628 адам (782 ер адам және 846 әйел адам) болды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1928 жылы шошқа өсіретін кеңшарды ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1996 жылдан Октябрьскоеде шаруа қожалықтары мен кооперативтер құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қостанай ауданы елді мекендері