"Байрақтың әнұраны" () — 1912 жылы қабылданған Албания Республикасының ұлттық әнұраны. Әуені Чиприан Порумбеску жазған "Бірлік туымыздың үстінде жазылған" () атты румын өлеңнен негізделген.https://web.archive.org/web/20091026231048/http://geocities.com/vaso_tole/Albanian/NationAnthem-AL.html оригиналынан мұрағатталған 2009-10-26. Түпнұсқасының мәтініне ұқсас әнұраннын мәтінін жазған Александер Асдрени еді. Басында әнұранның аты "Туға ант" () болатын.
Тарихы 1912 жылдың 21 сәуірінде София, Болгарияда "Албания бостандығы" () атты албан газетасында "Туға ант" атты поэма тұңғыш рет жарияланды. Кейінірек ол Бухарест қаласында Дренованың "Армандар мен көз жасы" () поэмалар жинағында басып шығарылды. Ласгуш Порадецидің еске алуы бойынша, өлең жазылып жатқан кезде әнұран болады деп жоспарланбаған. Алайда әуеннің албан халқына ұнағаны сонша, ол 1912 жылы әнұраны болып қабылданды. Албания өзінің тәуелсіздігін жариялағандағы Влёра қаласындағы тудың көтерілу кезінде дәл осы өлең ойналған екен.
Сөзі Әнұранның соңғы екі шумағы бір-біріне тым ұқсас болғанынан көбінесе спорттық ойындарда тек бірінші шумағы айтылады. Албан тіліндегі түпнұсқасыХФӘ транскрипциясы
Дереккөздер
Санат:Ұлттық әнұрандар Санат:Албания мемлекеттік рәміздері