Ресей Елтаңбасы (), ресми түрде Ресей Федерациясының Елтаңбасы () — Ресей туы және әнұранымен қатар Ресейдің мемлекеттік рәміздерінің бірі. Оның дизайны Ресей Империясының бұрыңғы елтаңбаларының дизайндарына негізделген.http://flag.kremlin.ru/emblem/ (орысша) Кремльдің ресми сайтындағы мәлімет Сипаттамасы Елтаңбаның екі басты элементтері (екі басты қыран мен ат мінген Әулие Георгий) орыс халқымен Ресей тұңғыш патшасы I Пётрдан да бұрын қолданылады деп есептеледі.
Елтаңбаның қазіргі дизайнын Евгений Ухналёв жасаған; ол 1993 жылы 30 қараша күні Ресей Президентінің указымен қабылданған еді.Дмитрий Иванов, http://sovet.geraldika.ru/article/17588 Геральдика
Қазіргі дизайнында қыран киген екі тәж Ресейдің бірлігі мен егемендігін білдіреді. Екі аяғы ұстаған скипетр мен держава — геральдиканың дәстүрлері бойынша биліктің символы болып келеді. Скипетрдің ұшында елтаңбаның өзі бейнеленген, осының нәтижесінде Ресей Елтаңбасы — Дросте эффектісінің мысалы бола алады. Ресей — монархиялы мемлекет болмағанымен, елтаңбада монархисттік символдарды байқауға болады.
Қолданылуы солға|нобай|Ресей паспорт сыртында елтаңбаны табуға болады|236x236 нүкте
Елтаңба Ресей паспорттарында, мемлекеттік ғимараттар сыртында, Ресей Президенттік штандартында, Қарулы Күштер баннерінде және 2016 жылдан бастап рубль сыртында бейнеленген.
Тарихы
Дереккөздер
Санат:Ресей мемлекеттік рәміздері Санат:Мемлекеттік елтаңбалар