«Жер-ана» — Астана қаласындағы монумент.
Ескерткіште сақ ханшайымы Тұмардың (Томиристің) алып бұқаның үстінде тұрған сәті бейнеленген. Жанында тістерімен семсерді ұстап тұрған екі барыс тұр.
Авторы — ресейлік суретші, мүсінші әрі зергер Даши Намдаков.#Елордаескерткіштері: «Жер-ана» — Қазақстан тарихы порталы, 22.07.2019.
Бұқа мүсінінің ұзындығы шамамен 10 метр, мүйіздерінің арасы — 7 метр.
Көлемінің үлкендігіне қарамастан, монумент нәзіктікті де, батылдықты да әдемі үйлестіріп тұр. Бұдан мүсіншінің көшпенді халыққа тән сипатты жақсы сезінгені байқалады.«Жер-ана» ескерткіші — «Ана тілі», 11.03.2021.
Дереккөздер
Санат:Астана ескерткіштері