Ұлан – Ертіс алабындағы өзен.
Бастауы Қалба жотасының солтүстік етегінен басталып, Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 87 км, су жиналатын алабы 1220 км2. Жағалауы тіктеу келген, Ертіске құяр сағасында жазық. Негізінен жауын-шашын суымен толығады. Кішігірім 5 саласы бар. Жылдық орташа су ағымы сағасында 1,87 м3/с. Жайылмасы – шабындық.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы