WMAP (Wilkinson Microwave Anisotropy Probe) немесе Explorer 80 — Жойқын жарылыс нәтижесінде пайда болған реликт сәулеленуді зерттеуге арналған ғарыш обсерваториясы.
Аппарат ғарышқа 2001 жылдың маусымында ұшырылды. Бастапқыда ол MAP деп аталатын. 2002 жылдың қыркүйегінде бұл жобаның ғылыми жетекшілерінің бірі Дэвид Уилкинсон қайтыс болғаннан кейін аппараттың аты оның құрметіне WMAP деп өзгертілді.
2003 жылы Science журналы WMAP миссиясын «Жыл серпілісі» деп таныды.Breakthrough of the Year: Illuminating the Dark Universe — Science, 19.12.2003.
WMAP жұмысының нәтижелері қазіргі стандартты космологиялық модельді, яғни лямбда-CDM моделін қалыптастыруға сеп тигізген.
Аппараттың жұмысы 2010 жылдың қазанында тоқтатылды.Mission Complete! WMAP Fires its Thrusters for the Last Time — Discovery News, 7.10.2010.
Ғылыми нәтижелері WMAP зерттеулері келесі мәліметтерді айқындауға көмектесті: Ғаламның құрылысы: 4,63% — кәдімгі материя, 24,02% — суық қараңғы материя, 71,35% — қараңғы энергия; Ғаламның жасы: 13,772 млрд жыл; Хаббл тұрақтысы: ~70 км/с/Мпк; Оптикалық қалыңдық: 0.081±0.012; және т.б.
Галерея
Дереккөздер
Сілтемелер WMAP НАСА сайтында
Санат:Explorer бағдарламасы Санат:Ғарыш телескоптары