Нұра – Торғай өзенінің төменгі ағысындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 166 м. Көлбеуленіп далаға ұласатын шығыс беткейінен басқасы біршама тіктеу. Беткейлері нашар тілімденген. Торғай өзені ағып өтетін батыс өңірінде Қаратозған, оңтүстік-шығысында Қарасай қоныстары жатыр.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы неоген және төрттік кезеңдерінің аллювийлі-пролювийлі шөгінділерінен тұрады.

Өсімдігі Шөлдің сортаңды сұр топырақ жамылғысында лерх жусаны, көделі өсімдіктер басым құрғақ далаға тән шөптесіндер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы таулары