Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы (), немесе ӨзЛиДеП (; ), — өзбекстандық президентшіл, оңшыл-центристті және консервативті либералды партиясы, елдегі «билік партиясы».

Тарихы ӨзЛиДеП партиясы 2003 жылы Өзбекстан Халық Демократиялық партиясынан бөлініп шығу нәтижесінде құрылды. Оның негізін салушы — бұрын ӨХДП-ны басқарған, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов.

Сайлану тарихы 2004–2005 жылдарда болған Өзбекстан парламенттік сайлауында партия 120 орынның 41-еуін жеңіп алды. 2009–2010 Өзбекстан парламенттік сайлауында ««Ұлттық жаңғыру» партиясы» атты консервативті және оңшыл партияның одақтасы болды және бұл сайлауда 150 орынның 55-ін жеңді.

2007 жылғы Өзбекстандағы президенттік сайлауында партия президент Ислам Кәрімовты өз кандидатурасы ретінде ұсынуға ниетті екенін айтты, дегенмен көпшілік Кәрімовті заңды түрде тағы бір мерзімге сайлауға түсуге жарамсыз деп санаған еді. 6 қараша күні Ташкентте өткен партия съезінде Кәрімов бірауыздан президенттікке кандидат болып сайланды және Кәрімов кандидатураны қабылдады.

солға|нобай|2021 жылдың жазында қолданылған логотибі

Кәрімов 2016 жылы қайтыс болғанға дейін президент болып қалды. Кәрімов қайтыс болғаннан кейін ұзақ уақыт премьер-министр болған партия мүшесі Шавкат Мирзиёев 2016 жылғы Өзбекстандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, Кәрімовтің өкілеттігін аяқтады. Мирзиёев 2021 жылы Өзбекстандағы президент сайлауында қайта сайланды.

Президенттік сайлаулар СайлауПартия кандидатыДауыстар%Дауыстар%НәтижесіБірінші раундыЕкінші раунды2007Ислам Кәрімов13,008,35790.8%——Сайланды 201517,122,59790.4%——Сайланды 2016Шавкат Мирзиёев15,906,72488.6%——Сайланды 202112,988,96480.3%——Сайланды

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша саяси партиялар Санат:Өзбекстан саясаты Санат:Өзбекстан саяси партиялары