Нгаджу (биаджу, оло кахаян) — Индонезиядағы даяк тобына жататын ұлт, жалпы саны 750 мың адам. Субэтникалық топтарға бөлінеді: биаджу, кахаян, катинган, тамоан, саруян, котаварингин.
Тілі Олар аустронезиялық отбасының батыс аустронезия тобының нгажу тілінде сөйлейді.
Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі наным-сенімдер, бір бөлігі – сүнниттік мұсылмандар, христиандар.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (күріш), қосалқы шаруашылық – балық аулау және аңшылық. Қолөнерден ұсталық, тоқымашылық, ағаш өңдеу, қайық жасау дамыған.
Өмір салты
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Елді мекендері қадаларда орналасқан бірнеше екі-үш отбасылық үйлерден тұрады, орталығында коммуналдық үй бар.
Дәстүрлі тағамдары Тағамдары: копу, ашытылған маниок тамыры. Әдетте ұсақталған кокос етімен араластырып жейді. Каруанг немесе Калумпе — баклажан, пияз және сарымсақ араласқан салат.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары