Аят футзал клубы — Қостанай облысындағы Рудный қаласында орналасқан қазақстандық кәсіби футзал клубы. Футзалдан Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигасында ойнайды.
Тарих
«Строитель» кезеңі (1985–2002) Клуб 1985 жылы «Строитель» атауымен құрылды.
1989 жылы «Строитель» командасы КСРО чемпионатында мини-футбол бойынша күміс жүлдегер атанды.
1995 жылы Беларусь Республикасының Гродно қаласында өткен халықаралық турнирде (қатысушылар: Польша, Беларусь, Украина, Қазақстан) рудныйлық команда бірінші орынды иеленді.
1999 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы мини-футбол чемпионатында суперлига командалары арасында алтын медаль жеңіп алып, ел тарихындағы алғашқы чемпион атанды.
Сол жылы «Строитель» клубының ойыншылары — Талғат Баймуратов, Артем Глебов, Сергей Ильюхин және Игорь Клинов — Қазақстан құрамасына шақырылды.
Ұлттық құраманың жетістіктері де осы кезеңмен байланысты:
1999 жылы (Малайзия) Азия чемпионатында — қола жүлде; 2000 жылы (Таиланд) — күміс жүлде.
2001–02 маусымында команда Қазақстан чемпионатында қола медаль иеленді.
Алайда келесі маусым клуб үшін сәтсіз өтті — 19 ойынның 17-сінде жеңіліске ұшырады.
Осы маусымнан кейін клуб таратылды.
Қайта жаңғыру кезеңі (2007 жылдан бастап) 2007 жылы клуб «Аят» мини-футбол клубы (МФК «Аят») атауымен қайта құрылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы бойынша бірінші лига командалары арасындағы біріншілікте 6 команда қатысқан жарыста «Аят» бірінші орынды жеңіп алып, жоғары лигаға жолдама алды.
Сонымен қатар, Футбол одағы Президентінің кубогы үшін өткен турнирде де бірінші орынды иеленді.
2008 жылы клуб жоғары лиганың X чемпионатына қатысып, 5-орын алды.
2009 жылы XI чемпионатта 4-орынға ие болды, тек екі ұпай айырмашылығымен үздік үштіктен қалып қойды.
Сол маусымда команда ойыншылары Григорий Шамро мен Асхат Әлжақсын Қазақстан футзал құрамасына шақырылды.
Ал Сергей Старовойтов жастар құрамасында ойнап, Санкт-Петербург қаласында өткен Еуропа жасөспірімдер турниріне қатысты.
Осы жылы клуб құрамында «Аят-дубль» атты жастар командасы құрылып, Қостанай облысының чемпионатында 1-орынды иеленді.
2010 жылы «Аят» өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогының XV розыгрышында қола жүлдегер атанып, бұл жетістігін чемпионатта да қайталады.
Ресейлік легионер Александр Метёлкин Қазақстан кубогы мен чемпионатының ең үздік сұрмергені атанды.
Клубтың бес ойыншысы — Григорий Шамро, Николай Казаков, Тимур Мурзабаев, Данияр Кенжегулов және Александр Якименко — Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды.
2011–12 маусымында команда чемпионатта 7-орын, ал 2013 жылы үздік бестікке енді.
Маусымдары +«Аят» футзал клубының Қазақстан чемпионатындағы нәтижелері Маусым Лига Орын Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар айырмасы Ұпай 1998–99 Чемпионат 1 8 6 1 1 42–27 19 1999–00 Чемпионат 5 14 6 2 6 72–59 20 2000–01 Чемпионат 3 11 8 0 3 50–33 24 2001–02 Чемпионат 20 19 2 0 17 31–83 6 2002–03 қатысқан жоқ 2003–04 қатысқан жоқ 2004–05 қатысқан жоқ 2006–07 қатысқан жоқ 2007–08 Чемпионат 5 24 8 0 16 107–155 24 2008–09 Чемпионат 4 32 11 8 13 118–130 41 2009–10 қатысқан жоқ 2010–11 Чемпионат 3 21 7 4 10 108–98 25 2011–12 Чемпионат 7 32 10 1 21 123–177 31 2012–13 Чемпионат 5 36 18 3 15 208–170 57 2014–15 Чемпионат 3 32 14 0 18 138–163 42 2015–16 Чемпионат 2 24 11 1 12 89–92 34 2016–17 деректер жоқ 2017–18 деректер жоқ 2018–19 Чемпионат 2 24 17 0 7 112–59 51 2019–20 Чемпионат 3 18 11 2 5 104–62 35 2020–21 Чемпионат 4 26 12 3 11 97–88 39 2021–22 Чемпионат 2 28 16 4 8 115–79 52 2022–23 Чемпионат 2 30 18 5 7 132–84 59 2023–24 Чемпионат 3 28 15 4 9 120–93 49 2024–25 Чемпионат 2 26 17 3 6 111–75 54 2025–26 деректер жаңартылуда
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы 2022-23
2023-24
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
Санат:Қазақстан футзал клубтары Санат:Футзалдан Қазақстан чемпионаты