Bloomberg L.P. — қаржы нарығының кәсіби қатысушылары үшін АҚШ-тың екі жетекші қаржылық ақпарат жеткізушілерінің бірі.
Тарихы 1981 жылы Salomon Brothers компаниясы Phibro-мен біріккеннен кейін Майкл Блумберг (Salomon Brothers-тің бас серіктесі) жұмысынан айырылды, бірақ серіктестік келісіміне сәйкес 10 миллион доллар алды.
Бұл ақшаға Блумберг Innovative Market Systems компаниясын құрды.
1982 жылы жаңа компанияның алғашқы клиенті Merrill Lynch болды, 22 терминал орнатып, Bloomberg компаниясына 30 миллион доллар инвестицияладыTable: What Makes Mike Run . BusinessWeek. 23 сәуір, 2001.. 1986 жылы компания Bloomberg L. P. болып өзгертілді және 1988 жылға қарай 5 мың терминал жұмыс істеді«Bloomberg L.P. — Swot Analysis.» Datamonitor Company Profiles. 6 тамыз, 2007.. Бес жыл ішінде Bloomberg Tradebook Сауда платформасы, Bloomberg Messaging service хабар алмасу жүйесі және Bloomberg newswire жаңалықтар арнасы сияқты қосымша бағдарламалар іске қосылды.
Тағы қараңыз Reuters Google Finance Yahoo! Finance Интерфакс
Дереккөздер
Санат:1981 жылы құрылған компаниялар Санат:АҚШ ақпарат агенттіктері Санат:Нью-Йорк медиа компаниялары