Сумбандар — Индонезия аумағында тұратын ұлт. Кіші Зонд архипелагындағы Сумба аралында тұрады. Олар осы аралдың байырғы халқы болып есептеледі. Жалпы саны 500 000 адам.
Тілі Тілі - сумба тілі. Көрші аймақтарда өзара түсінікті бірнеше диалектілері бар (ең күшті айырмашылықтар шығыс және батыс диалектілері арасында).
Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: реформаторлық христиандар, бір бөлігі – сүнниттік мұсылмандар, дәстүрлі нанымдар.
Кәсібі Негізінен егіншілікпен айналысады. Азық-түлік дақылдары – күріш, жүгері, тары, түйнектер, кофе, жемістер, көкөністер және бұрыш. Мал шаруашылығы, әсіресе жылқы шаруашылығы дамыған, буйволдар өсіреді. Сумбандар жергілікті маталарды бояумен танымал.
Тұрмыс салты Қоғам бірнеше әлеуметтік қабаттарға бөлінеді: ақсүйектер (қоныстардың негізін салушылар, тайпа көсемдері мен діни қызметкерлер), қауым мүшелері және қауымға келген адамдар. Неке патрилокальды. Көп әйелділік қоғамның ауқатты топтарында кездеседі. Отбасы шағын, сонымен қатар, жалғыз баспана – ұзын үйі бар көпбалалы қауымдартықтар да бар. Дәстүрлі наным-сенімдерден ата-бабалар культі мен аграрлық культтер кең таралған. Көптеген күнтізбелік рәсімдер бар: Жаңа жыл - ауылшаруашылық маусымының басталуы, алғашқы жемістер мерекесі және т.б. нобай|оңға|200px|Дәстүрлі үйлері Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Дәстүрлі елді мекендері шашыраңқы орналасқан, ата-бабалар культінің мегалиттік ғибадатханасы бар алаң бар. Тұрғын үйлері қаңқалы, қадаларда орналасқан. Ұзын үйлер сақталған.
Дәстүрлі киімдері Ерлердің киімі – каин мен көйлек.
Дәстүрлі тағамдары Тамақтары – көкөніс өнімдері. Етті мереке күндері пісіріп немесе қуырып жейді.
Дереккөздер
Санат:Индонезия этникалық топтары