Томини (өз атауы толи-толи) — Индонезияда қоныстанған жалпы саны 175 мың адам болатын ұлт. Горонтало мен батыс Торадж арасындағы таулар мен жағалауда қоныстанған. Томинилер томини, маутонг, дондо, боано, умаласа, балаезан, такомбо, петапа, дампеласа, касимбар и толи-толи болып бөлінеді.

Тілі Тілі - томини тілі. Тораджа, горонтало, буги тілдері де кең таралған.

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар мұсылмандар.

Кәсібі Негізгі кәсібі – егіншілік (жүгері, саго, суармалы күріш). Джунглиде даммар шайыры мен ротанды жинап, копра сатумен айналысады.

Тұрмыс салты Индонезия 1949 жылы тәуелсіздік алғанға дейін бөлек томини топтарын кеңестерді басқарған сұлтандар немесе раджалар басқарды. Олар текті, бай және кедей еркін қауым мүшелері болып бөлінді.

Тұрғын үйлері - ағаштан және бамбуктан жасалған, төбесі шатыры бар төртбұрышты қадалы үйлер.

Дереккөздер

Санат:Индонезия этникалық топтары