Чепанг — Непал аумағында тұратын ұлт. Непалдың орталық аймақтарындағы қалың ормандарда, үлкен алқаптың батысында тұрады. 90-жылдардың аяғындағы мәліметтер бойынша халық саны 30 мың адамды құрады.
Тілі Тілі - чепанг тілі. Кейбіреулері непал тілінде де сөйлейді.
Діні Чепангтард анимизмді ұстанады, бірақ оларға индуизм де, солтүстікке қарай буддизм де әсер еткен.
Кәсібі XIX ғасырда олар қаңғыбас өмір салтын жүргізді, негізгі кәсіптері садақ пен жебемен аң аулау, тұзақпен балық аулау болды. XX ғасырдың ортасына қарай олар жүгері, тары, картоп, қарақұмық, темекі, қыша, цитрустық жемістер егуге және ірі қара мал шаруашылығына (зебу тәрізді сиыр, ешкі, тауық, шошқа өсіріледі) көшті. Көршілермен айырбас дамыған. Тоқу ісі дамыған (балық аулау құралдары, себеттер). Жүк тасымалдау, қызмет көрсетудің әртүрлі түрлері кең таралған.
Тұрмыс салты Непалдың жалпы касталық жүйесінде чепангтар өте төмен мәртебеге ие.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары нобай|оңға|200px|Чепанг тұрғын үйлері Кейбір жерлерде дәстүрлі тұрғын үйлері сақталған - уақытша бұтақтардан жасалған шатыр. Қазіргі Чепангтар галереялары бар екі қабатты үйлерде (екінші қабаты тұрғын үй), сонымен қатар шатыры бар қадалы үйлерде тұрады.
Дәстүрлі киімдері Ерлер киімі – денені орайтын мата және иық орамал. Әйелдер киімі – күрте мен белдемше.
Дәстүрлі тағамдары Жабайы жемістермен немесе аң аулаумен қоректенген.
Дереккөздер
Санат:Непал этникалық топтары