«Жамал» — Қанапия Телжановтың алғашқы суреттерінің бірі, 1955 жылы салынған.

Құшағын кең жайған сары даланың ортасында отқа қарап, қиялға бөленіп отырған қазақ қызының сабырлы келбеті ерекше гармониямен берілген, адам мен табиғат әлемінің астасқан болмысы бейнеленген.М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты: 100 шедевров искусства Казахстана . Алматы, 2013.

Қарапайым бір тіршілік көрінісінен ғажайып сұлулықты да, даналықты да таба білген қазақ кескіндемешісі суреттің атын өз анасының құрметіне арнап қойған. «Менің анамның аты Жамал еді, онымен шығармамды атадым», деп айтқан суретші.Тау алыстан тұлғаланып көрінеді — «Егемен Қазақстан», 2.05.2017.

Кешқұрым сәтте далада от жағып, соның қасында ойға шомып отырған қыз тұлғасының табиғи сұлулығы мен шығыс әйелдеріне тән сыпайылығы нәзіктікпен үйлеседі.

Жарқын да биік гуманистік мақсаттағы суретшінің өте бір сәтті шығармасы көптеген елдерде көрсетілді. 1967 жылы Монреальда Қазақстанға арналған күндерде осы картина көрменің төрінде тұрды. Сол жылы шығарманы Третьяков галереясы сатып алды.Қ.Т. Телжанов шығармашылығына байланысты библиографиялық шолу

Дереккөздер

Санат:Қанапия Телжанов суреттері