Қарадария (, ) — Қырғызстанның Ош облысындағы, Өзбекстанның Әндіжан және Наманған облыстарындағы Сырдария өзенінің сол жақ саласы. Сырдарияға ағып құятын ең ірі өзендердің бірі.

Гидрологиялық сипаттамасы Қарадарияның ұзындығы 180 км, сол жақ саласы Тармен бірге 318 км құрайды. Су алабынның ауданы 30 100 км². Қарадария қар мен мұздықтардың суымен қоректенеді. Орташа жылдық су шығыны — 136 м³/с, осы нүктеде байқалған ең жоғары шығын — 265 м³/с (1969 ж.), осы нүктедегі ең аз шығын — 68,4 м³/с (1975 ж.). Жылдық ағынның 55% наурыздан шілдеге дейінгі кезеңге келеді. Өзен суының мол болатын кезеңі маусым, суы аз болатын кезеңі қыс.

Судың лайлылығы 1 кг/м³.

Кейде қыста Қарадария жағалау жақтан аз уақытқа қатып, сең жүруі байқалады.

Өзен ағысы Қарадария Ферғана жотасының оңтүстік-шығыс беткейі мен Алай жотасының солтүстік беткейінен бастау алатын Тар және Қарақұлжа өзендерінің қосылуынан қалыптасады. Қарадарияның бастауы шамамен 1150 м биіктікте, Қырғызстанның Ош облысындағы Кеңес ауылына жақын жерде орналасқан.

Қарадария жалпы батыс бағытта ағып жатыр. Әндіжан суқоймасына дейін Қарадария ені 0,5-тен 4-5 км-ге дейінгі алқап арқылы өтеді. Содан кейін аңғар күрт тарылып, қазір су басқан Кемпірабат шатқалын құрайды. Мұнда өзенді бөгет бөгеп, Әндіжан суқоймасын құрайды. Төменірек Қарадария Өзбекстанның Әндіжан облысы жеріне өтіп, Ферғана аңғарына кіреді.

Әндіжан мен Наманған облыстарының шекарасы Қарадарияның сағаға дейінгі аумақта жүргізілді. Балықшы қаласынан тысқары жерде 396 м биіктікте Нарын өзенімен қосылады. Сол жағында Қарадария, оң жағында Нарын бірігіп, Сырдария өзенін құрайды.

Шаруашылықта пайдалануы Ферғана аңғарының жерлеріне енген соң Қарадария сулары суаруға қарқынды түрде пайдаланылады. Оның суы Шаһрихансай, Әндіжансай және Пахтаабат ірі арналарына құйылады.

Өзеннен Үлкен Ферғана арнасының Қарадария жолы басталады.

Салалары Қарадарияның бірнеше ірі салалары бар: (оң жақта) Жазы, Көкарт, Қараүңгір және Майлысу, (сол жақта) Құршап, Ақбура, Арабансай.

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Өзбекстан өзендері Санат:Сырдария су алабы