Қасым Шәріпұлы Шәріпов (1912 — 13 желтоқсан 1984) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер.

Өмірбаяны 1912 жылы Қараөзек стансасында дүниеге келді. КОКП мүшесі.

1927 жылдан бастап - шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмысқа кірісе бастады. 1927-1974 жж. – «Лениншіл жас» комсомол газеті редакциясының хатшысы, «Партиздат» редакторы, ғылыми аудармашы-қызметкер, Қазақстан КП ОК партия тарихы институтының сектор меңгерушісі, Ұлы Отан соғысына қатысушы, 316-атқыштар дивизиясы 23-атқыштар полкі 8-ротасының саяси нұсқаушысы, 100-жеке қазақ атқыштар бригадасының «Алға» қазақ газетінің редакторы, 8-гвардия атқыштар дивизиясының «Отан үшін!» дивизиялық газеті редакторының орынбасары, Партия тарихы институты директорының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» республикалық партия газетінің редакторы, Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғылым және мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Ақпарат агенттігінің директоры.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-5 шақырылым депутаты болып сайланды.

1984 жылы Алматыда қайтыс болды.

Сілтеме Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия. — 11-е изд., доп.. — Алматы: Credo, 2010. — С. 1091. — 1192 с.

Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары