Жаңадала ауданы — 1966-1997 жылдары Целиноград және Торғай облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Тасты-Талды ауылы.
Тарихы Аудан 1966 жылы 28 мамырда Целиноград облысының құрамында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен әкімшілік орталығы Тасты-Талды ауылында құрылды.
1970 жылғы 23 қарашадағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Жаңадала ауданы жаңадан құрылған Торғай облысының құрамына енді.
1988 жылғы 2 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Целиноград облысының құрамына енді.
1990 жылғы 17 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының «Қазақ КСР құрамында Торғай облысын қалпына келтіру туралы» Жарлығымен қайтадан Торғай облысының құрамына енді.O восстановлении Тургайской области в составе Казахской ССР
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3466 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Ақмола облысының құрамына енгізілді.Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 3604 «Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы» Жарлығымен аудан таратылып, аумағы Державин ауданының құрамына енді.Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы
Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 11 ауылдық кеңес пен 13 елді мекен болған:Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі Ауылдық кеңес Орталығы Елді мекендері Баранкөл ауылдық кеңесі Баранкөл ауылы Бапалақ, Баранкөл Гагарин ауылдық кеңесі Гагаринское ауылы Гагаринское Жаңадала ауылдық кеңесі Жаңадала ауылы Жаңадала Комсомол ауылдық кеңесі Зерноградское ауылы Зерноградское Құмсуат ауылдық кеңесі Құмсуат ауылы Құмсуат Нахимов ауылдық кеңесі Нахимовка ауылы Нахимовка, Обалысай Тасты-Талды ауылдық кеңесі Тасты-Талды ауылы Тасты-Талды Фурманов ауылдық кеңесі Бірсуат ауылы Бірсуат Чапаев ауылдық кеңесі Чапаево ауылы Чапаево Шойындыкөл ауылдық кеңесі Шойындыкөл ауылы Шойындыкөл XXI партсъезд ауылдық кеңесі Шалғай ауылы Шалғай
Халқы 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 9540 12526 13058
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары