Сакмариха, Сақмар – Жоғарғы Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы мен Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумақпен ағады.

Гидрологиясы Ұзындығы 47 км, су жиналатын алабы 278 км2. Жалпы ұзындығы 177 км-ден асатын 90-ға жуық саласы бар. Үбі жотасының сілемдеріндегі бұлақтардан бастау алып, Үбі өзеніне құяды. Жоғарғы ағысы тар шатқалды, бастауына жақын Татарка темір жол стансасы орналасқан. Өзен арнасы толықтай дерлік тар шатқалды, жағалау бойымен беткейінде жəне онда орман өскен. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Сакмариха елді мекендер мен өндіріс орындарын сумен қамтамасыз етеді. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Глубокое ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы