(5) Астрея — бесінші болып ашылған астероид, Негізгі белдеу тобына жатады.

Рим мифтерінен белгілі болған Астрея құдай әйелдің құрметіне орай аталды.

Оны 1845 жылы 8 желтоқсанда немістің әуесқой астрономы Карл Людвиг Хенке Дризен (қазіргі Дрезденко) қаласында ашты. Басында ол Вестаны бақылауға ниеттенген еді, кейін жаңа аспан денесіне кездейсоқ болған. Бұл ғылыми ашуы үшін Пруссия патшасы оған 1200 маркаға баратын жылдық зейнетақы тағайындады.

Вестаның ашылуынан кейін 38 жыл бойы еш жаңа аспан денесі табылған жоқ, сондықтан сол кездері алдыңғы төрт астероид планета болып саналды.The Planet Hygea Астреяның ашылуынан кейін көптеген жаңа астероидтар табылды, және бұл аспан денелерінің жаңа түрі екені айқын бола бастады. thumb|250px|center|Астреяның орбитасы (ақ түсті) нобай|солға|Ай мен алғашқы болып ашылған 10 астероидтың салыстырмалы өлшемдері. Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Санат:Астероидтар