Нормандия (, норманд. Normaundia) — Францияның солтүстік-батысындағы аймақ және тарихи аймақ. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарында Жоғарғы және Төменгі Нормандия аймақтарының қосылуы нәтижесінде құрылды. Тарихымен, фермаларымен, алма плантацияларымен және сүт өнеркәсібімен, әсіресе ірімшіктер: Камамбер, Ливаро және Пон-Л'Эвекпен танымал.

Тарих Біздің заманызға дейінгі 27 жылы Рим императоры Октавиан Август орталығы Лугдун қаласында (қазіргі Лион) орналасқан Лугдундық Галлия провинциясына Калет (Calètes) пен Велиокассты (Véliocasses) қосып, Галлия жерлерін қайта құрды. Нормандияның латынидалуы Рим империясының әдеттегі әдістері: римдік жолдарды салу және урбанизацияның белсенді саясаты арқылы қол жеткізілді. солға|нобай| Сент-Мишель тауындағы монастырь Нормандия 9 ғасырда нормандықтарға (викингтерге) өткен Ұлы Карл франк империясының бөліктерінің бірі болған. Осылайша, Нормандия герцогтігі ретінде Викингтердің көсемі Роллон (Роберт Нормандиялық) құрды. «Нормандия» атауы Роллонның викингтерден, яғни нормандықтардан шыққанын көрсетеді.

Роллоның ұрпағы Уильям Жаулап алушы, Нормандия герцогы 1066 жылы Гастингстің шешуші шайқасынан кейін Нормандық жаулап алуы кезінде Англия королі болды. Англияның жаулап алуы, нормандықтардың Уэльс пен Ирландияға басып кіруіне ұласты.

Содан бері Нормандия бірнеше рет Англия мен Франция арасындағы дау-дамайлардың тақырыбы болды.

1204 жылы ағылшын королі Иоанна Жерсіз тұсында материктік Нормандияны Англиядан Филипп II қолбасшылығымен Франция жаулап алды, ал арал бөлігі (Норманд аралдары) Англияның бақылауында қалды. 1259 жылы Англия королі Генрих III Париж келісіміне сәйкес Францияның бүкіл Нормандияға иелік етуінің заңдылығын мойындады. Алайда оның мұрагерлері жиі континенттік Нормандияны бақылауды қалпына келтіруге тырысты. Француз Нормандиясы 1346—1360 жж. және 1415—1450 жылдардағы Жүз жылдық соғыс кезінде оккупацияланды. солға|нобай| Лилльбоннадағы Рим театры 1790 жылы Францияның тарихи провинциялары департаменттер болып қайта құрылды. 1919 жылы Үшінші республика кезінде () тұсында «экономикалық аймақтар» құрылып, экономикалық жоспарлаудың алғашқы әрекеті жасалды.

1944 жылы 6 маусымда американдық, британдық және канадалық әскерлер Нормандияға түсе бастады, осылайша Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропада Екінші майдан ашылды.

1941 жылы 30 маусымда Маршал Петен үкіметі аймақтық префектінің басшылығымен департаменттерді біріктірді. Олар 1946 жылға дейін созылды және 1960 жылы қайта құрылды, ал Нормандия Жоғарғы Нормандия және Төменгі Нормандия аймақтарына бөлінді. Бұл құрылым 2015 жылға дейін өзгеріссіз қалды.

2014 жылғы француз аймақтарының аумақтық реформасына сәйкес Жоғарғы және Төменгі Нормандия бір аймаққа біріктірілді. Жаңа аймақтың құрылған күні 2016 жылдың 1 қаңтары.

География нобай| Нормандия картасы Жалпы ауданы 29 906 км² аймақ Франция метрополиясында оныншы орында. Ол елдің солтүстігінде орналасқан және оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Луара жерлері және Бретань аймақтарымен, оңтүстік-шығыста Орталық — Луар аңғарымен және Иль-де-Франспен, шығыста О-де-Франспен шектеседі. Солтүстіктен және батыстан аймақ Ла-Маншпен ұласады.

Францияның бес ұлы өзенінің бірі — Сена осы аймақ арқылы ағып өтеді.

Әкімшілік бөлініс Облыс 29 906 км² астам аумақты алып жатыр, халқы 3 342 467. Халық тығыздығы (2017 жылғы жағдай бойынша) 111,8 адам./км² . Облыстың әкімшілік орталығы — Руан, аймақтық кеңесі Кан қаласында орналасқан.

Департаменттер Департамент Елтаңба Ауданы Халқы Халық тығыздығы Префектура 14 Кальвадосортаға|44x44 нүкте 5548 км² 687 854 126,09 адам /км² Кан 27 Эрортаға|44x44 нүкте 6040 км² 591 616 99,67 адам /км² Евре 50 Маншортаға|44x44 нүкте 5938 км² 499 340 87,09 адам /км² Сент-Ло 61 Орнортаға|44x44 нүкте 6103 км² 290 015 49,39 адам /км² Алансон 76 Теңіздік Сенаортаға|44x44 нүкте 6278 км² 1 253 931 203,24 адам /км² Руан

Ең ірі қалалар Аймақтың ірі коммуналары (30 мыңнан астам тұрғыны бар) мыналар: № Қала Департамент Халық саны (2013) 1 Гавр Теңіздік Сена 2 Руан Теңіздік Сена 3 Кан Кальвадос 4 Шербур-ан-Котантен Манш 5 Евре Эр 6 Дьеп Теңіздік Сена

Дереккөздер

Сілтемелер Нормандар, Еуропа халқы. Норман мұрасы, 10-12 ғасырлар Нормандия фото галереясы Normandie Web — Нормандия туралы қауымдастық веб-сайты Нормандияның туристік кеңесі Дүниежүзілік мұра сайтындағы Гавр D-Day 6 маусым 1944 «Нормандия» тарихи қалпына келтіру клубы.

Санат:Нормандия