Зидж Ұлықбек, Ұлықбек зиджі — Самарқандағы Ұлықбек обсерваториясында жасалған ең толық және дәлірек (сол дәуір үшін) жұлдыздар кестесі. “Зидж Ұлықбекте” эклиптикалық координаттар жүйесінде 1018 жұлдыз орнының каталогы берілген.Кары Ниязов Т.Н., Астрономическая школа Улугбека, Избр. тр., т.6, Таш., 1967 Оның кіріспесінде 15 ғ-дағы Шығыстың астрономия ілімі қорытылған. Сондай-ақ, онда астрономиялық бақылауларға арналған көптеген кесте келтірілген. Оның ішінде синустар мен тангенстер кестесі де бар (9-ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен). «Зидж Ұлықбек», оптикалық бақылаулар жүргізгенге дейін, Шығыстағы ең жоғарғы дәрежедегі кесте болып есептеледі."Қазақ Энциклопедиясы", 4 том, 3 бөлім

Дереккөздер

Санат:Астрономиялық каталогтар Санат:Астрономия тарихы Санат:Астрономия кітаптары