Қазақстанда ұлттық аза тұту күндері ірі қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандар немесе қайтыс болған мемлекет қайраткерлері үшін қайғы-қасіретті еске алу үшін атап өтіледі.

Ұлттық аза тұту Қазақстан Президентінің Жарлығымен жарияланады. Ұлттық аза тұту жариялауға қандай оқиғалар әкелетіні туралы белгіленген жалпы тәртіп жоқ, президент қайғылы оқиғаның қоғамдық маңыздылығына сүйене отырып шешім қабылдайды.

Оқиғалар №ДатаОқиғаҚұрбандарДереккөз121 қыркүйек 2006Ленин атындағы шахтадағы жарылыс және өрт41213 қаңтар 2008Абай шахтасындағы жарылыс және өрт30316 наурыз 2010Қызылағаш оқиғасы4545 маусым 2012Арқанкерген оқиғасы15527 желтоқсан 2012Шымкент қаласының маңындағы әуе апаты27631 қаңтар 2013Алматы маңында болған Bombardier CRJ 200 әуе апаты2179 маусым 2016Ақтөбедегі лаңкестік7828 желтоқсан 2019Bek Air ұшақ апаты13913 шілде 2020Қазақстандағы COVID-19 пандемиясы13 8481029 тамыз 2021Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстар13Токаев объявил 29 августа днём общенационального траура: вчера, 11:31 - новости на Tengrinews.kz1110 қаңтар 2022Қаңтар оқиғасы2421212 маусым 2023Абай облысындағы өрт141329 қазан 2023Костенко шахтасындағы апат461425 қыркүйек 2026Каспий теңізіндегі әскерилер қазасы14https://24.kz/amp/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/794232-25-kyrkujek-kr-zalpyulttyk-aza-tutu-kuni

Ленин шахтасындағы жарылыс (2006) 2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болған техноген апаты. Метанның жарылуынан 41 кенші қаза тапты, жеті жұмысшы зардап шекті.

8:56-да шахтада 368 адам болған кезде жарылыс болған. Жарылыс толқыны төрт жарым шақырымды қамтыды. Бір тәулік ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің денесін жер бетіне көтерді. Кейінірек қаралы күн жарияланды.

Шахта ішінде желдету құбырларын ауыстыру кезінде қауіпсіздік техникасы бұзылған. Оқиғадан соң апатқа кінәлі 6 жұмысшы сотталды. солға|нобай|Абай шахтасындағы жарылыс құрбандарына арналған ескерткіш

Абай шахтасындағы жарылыс (2008) Метан жарылысы 400 метр тереңдікте болды. Осы уақытта шахтада 191 адам болған. Жарылыстан кейін Лавада өрт шықты. Қайғылы оқиға 30 адамның өмірін қиды. 161 шахтер жер бетіне шығарылды, оның ішінде 14 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Кінәлілердің қатарында үш инженер-техникалық қызметкер болған. Үш күн аза тұту жарияланды. нобай|Қызылағаштағы 2010 жылғы су тасқыны мемориалы

Қызылағаштағы су тасқыны (2010) 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылды. Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқыны. Алматы облысының Қызылағаш ауылынан наурыздың 11-нен 12-не қараған түні болған оқиға. Бар болғаны 18 минуттың ішінде ауылды топан су басып, 45 адам қайтыс болды. Биіктігі бес метрден асатын су бір түнде бейбіт ауылдың тас-талқанын шығарды. Апатты оқиға қылмыс ретінде танылып, ауыл әкімі, су қойма басшысы мен аудандық және облыстық төтенше жағдайлар бөлім басшылары қамауға алынды.

300 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, 1000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 146 үй толығымен бұзылды, 251 үй қирап, 42 үй зақымдалды. Аза тұту 16 наурызда жарияланды.

Арқанкерген қырғыны (2012) 28 мамырда "Арқанкерген" шекара қызметінде 14 шекарашы мен қорықшы қаза тапты. Қылмыстың жасалуына жалғыз тірі қалған сарбаз - Владислав Челах кінәлі деп танылды. Қайғылы оқиғадан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 5 маусымында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. 2012 жылдың желтоқсанында Челах өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол Қостанай облысы Жітіқара қаласының маңындағы "Қара бүркіт" ерекше режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр.

Шымкент маңындағы ұшақ апаты (2012) 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 27 адам болған, барлығы қаза тапты. Олардың ішінде 7 адам – экипаж мүшесі, 20-сы – шекарашы. Қаза болғандардың ішінде ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Тұрғанбек Стамбеков болды.

Әуе апатына Шымкент әуежайының диспетчері кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматыдағы ұшақ апаты (2013) нобай|Апаттың салдары 2013 жылы 29 қаңтарда Көкшетаудан Алматыға бағыт алған Scat компаниясына тиесілі Canadair CL-600-2B19 әуе кемесі DV760 жоспарлы ішкі рейсін орындау кезінде апатқа ұшырады. Оқиға Алматы маңындағы Қызылту ауылына жақын жерде болды. Апат салдарынан 21 адам қайтыс болды. Олардың қатарында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апатқа ұшқыштардың қателігі себеп болды деп аталды.

Ақтөбедегі лаңкестік (2016) нобай|Террористер шабуыл жасаған № 6655 әскери бөлімнің БӨП Террорлық акт салдарынан лаңкестердің қолынан 8 адам қаза тапты. Антитеррорлық операция кезінде 18 қылмыскердің көзі жойылды. 25 адамнан тұратын содырлар тобы "Паллада" және "Пантера" қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, одан әрі ҚР Ұлттық ұланының №6655 әскери бөліміне шабуыл жасады.

Құқық қорғау органдары лаңкестікке тікелей қатысы бар тоғыз адамды және дайындалып жатқан қылмысты хабарламағаны үшін тағы 18 адамды, сондай-ақ екі адам жасырғаны үшін ұсталды.

Террорлық актіге қатысушы жеті адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Екі адам 25 жыл және 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен 29 сотталушының барлығы ауыр, аса ауыр құқық бұзушылық жасағаны үшін, жеке адамға, меншікке қарсы, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырудың әр түрлі мерзіміне сотталды.

Алматы маңындағы ұшақ апаты (2019) 2019 жылы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматы әуежайы маңында таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Астанаға бет алған әуе кемесі ұшу барысында бетон қоршауды бұзып, екі қабатты нысанға соғылды. Ресми мәлімет бойынша 13 адам қайтыс болды.

Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына төрт миллион теңге беріледі. Басқа да зардап шеккендерге көмек берілетіні де айтылды.

COVID-19 пандемиясы (2020) 2020 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені COVID-19 коронавирусының салдарынан қайтыс болғандар үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Жамбыл облысындағы жарылыс (2021) Жамбыл облысы Байзақ ауданында 26 тамыз күні сағат 19:00-де әскери бөлімнің оқ-дәрілер сақталған қоймасынан өрт шықты. 28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасындағы өрт басталды. 13 адам мерт болып, 98 адам жарақат алған. Жарылыс ошағына жақын ауылдардан 100-деген адам эвакуацияланды. Қоймадағы оқ-дәрілердің кейбірі дәл осындай жарылыс болған Арыс қаласынан әкелінгені белгілі болды.

2021 жылғы 29 тамызда ел Президентінің Жарлығымен Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Қаңтар оқиғасы (2022) Елдің бірнеше қаласында болған бейбіт ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, 238 адам қаза тапты. Жаппай тәртіпсіздік бойынша 1205 адам сотталып, 1095 адамға рақымшылық жасалды. Қайғылы жағдай кезінде 19 қызметкер қайтыс болып, 3 мыңнан аса полиция және әскери қызметкер жарақат алған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын жариялады

Абай облысындағы өрт (2023) Абай облысындағы өрт - найзағайдың екі разряды нәтижесінде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында басталған ірі табиғи апат. Оқиға 8 маусымда сағат 12:03-те Батпаев орманшылығының 66-шы тоқсанында, Семей қаласынан 25 шақырым қашықтықта болды.Оқиға барысында 14 адам қаза тапты

Қазақстанда 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Костенко шахтасындағы жарылыс (2023) Костенко шахтасындағы апат — 2023 жылы 28 қазанда Қарағанды облысының Костенко шахтасында болған жарылыс пен өрт. Болжам бойынша, лавада газ метанының жарылысы орын алған. Шахтада апат болған кезде 252 адам болды, 208 кенші жер бетіне шығарылды. 46 адам қаза болды.

Каспий теңізіндегі әскерилер қазасы (2026)

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстанның Маңғыстау облысынан Каспий теңізінде оқу-жаттығу жиыны барысында 17–19 адам суға кетеді де, 14 адам қайтыс болады. Келесі күнді президент Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайды.

Дереккөздер

Санат:Атаулы күндер