Жібек Қалиқызы Үсенбаева (22.10.1958 жылы туған) – техника ғылымдарының докторы (1999), профессор (2002). Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Еңбек жолы Жамбыл технология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы бөлімшесін бітірген (1980) осы институтта ғылыми қызметкер (1980–84) ҚазМУ-да аспирант, ғылыми қызметкер (1984–96, қазіргі ҚазҰУ) Алматы технологиялық университетінде кафедра меңгерушісі, декан (1996–2000) осы университеттің Астана қаласындағы бөлімшесінде директордың орынбасары (2000–03) Қазақ технология және бизнес университетінің 1-проректоры (2003–04) болып жұмыс істеді. 2004 жылдан Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері «Биотехнологические основы регулирования и интенсификации процессов хлебопекарного производства с применением новых видов сырья» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:22 қазанда туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Халықаралық жоғары мектеп академиясы академиктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институты түлектері Санат:Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институты қызметкерлері Санат:Алматы технологиялық университеті оқытушылары Санат:Алматы технологиялық университеті декандары Санат:Қазақ технология және бизнес университеті оқытушылары Санат:Еуразия ұлттық университеті оқытушылары