Синъитиро Томонага (1906 — 1979) — жапондық физик. Жапония ғылым академиясының мүшесі (1951), АҚШ (1965)Sin-itiro Tomonaga пен КСРО (1971)Профиль Синъитиро Томонаги академияларының шетелдік мүшесі. Жапония ғылым кеңесінің президенті (1963—1969).
1965 жылы Ричард Фейнман мен Джулиан Швингермен бірге «Элементар бөлшектер физикасына терең ықпал жасаған кванттық электродинамикадағы іргелі жұмыстары үшін» Нобель сыйлығымен марапатталды.
Өмірбаяны Әкесі Сандзюро Томонага 1913 жылы Киото университетіндегі философия профессоры кафедрасына тағайындалғанда, жанүясымен сонда көшеді. 1926 жылы Синъитиро осы университетке, атом физикасы мамандығына түседі. Болашақтағы тағы бір Нобель сыйлығының иегері Хидэки Юкава сонымен бірге оқыған. Оқуды бітіргеннен кейін Синъитиро тағы үш жыл бойы университетте ассистент болып істейді.
1932 жылы Физика-химиялық зерттеулер институтында жұмыс істей бастайды. 1937—1939 жылдары Лейпциг университетінде Вернер Гейзенбергтің зерттеу тобында болады. Докторлық диссертациясын Германияда аяқтай алмай, оны Токио университетінде сәтті қорғайды. Отанында Токио педагогикалық унивеситетінде (қазіргі Цукуба университеті) жұмыс жолын жалғастырады.
1949 жылы Роберт Оппенгеймердің шақыруымен Принстондағы Перспективті зерттеулер институтына келеді. Келесі жылы Отанына қайтады, 1955 жылы Токио университетіндегі Ядролық зерттеулер институтының негізін қалауға қатысады.
Дереккөздер
Санат:Жапония ғылым академиясының мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:Үндістан Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:КСРО Ғылым Академиясының шетелдік мүшелері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (Жапония) Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Ломоносов атындағы алтын медалімен марапатталғандар Санат:Киото университеті түлектері Санат:XX ғасыр физиктері