Богородка — Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы ауыл, Широков ауылдық округі орталығы. Іргесін 1900 жылы Ресейдің Орлов губерниясынан жер аударылған шаруалар қалаған.

Географиялық орны Аудан орталығы — Балкашино ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен642586 384 65,5 303 183 60,4 283 201 71

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, пошта бөлімшесі, асхана, 5 шаруа қожалығы бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлерге ескерткіш орнатылған. Негізгі шаруашылық субъектісі – «Широкое» ЖШС. Богородка арқылы Балкашино – Мариновка автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Сандықтау ауданы елді мекендері