Шолпан Маратқызы Қадырова (1969 жылғы 25 қазан, Батыс-Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы) – педагог, мемлекет және қоғам қайраткері. BINOM School мектептер желісін басқарушы компания және Білім Болашағы Қоғамдық қордың басшысыПредставители сообщества родителей обсудили строительство школ нового поколенияЕмтихансыз және тегін.

Өмірбаяны Шолпан Маратқызы Кадырова 1969 жылы 25 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауылында педагог ұстаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі Марат Қадыров ауыл мектебінде мұғалім әрі мектеп директоры қызметін атқарған.

1991 жылы А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институтты Тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Қызметі Еңбек жолын 1991 жылы Жымпиты орта мектебінің мұғалімі ретінде бастаған.

1994 – 1995 жылдары Орал педагогикалық колледжінің оқытушысы,

1995 – 1998 жылдары Сырым ауданының білім бөліміндегі тәрбие орталығының директоры,

1998 жылдан бастап Дәулеткерей атындағы өнер институтында әртүрлі қызметтерде болды.

2000 – 2002 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері болып жұмыс жасайды.

2002 жылдан Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарады.

2009 – 2011 жылдары Орал қаласындағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнаулы мектеп-интернат-кешенінің директоры болған.

2011 жылдан физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің Орал қаласындағы филиалының директоры қызметін атқарды.

2017 жылдың қарашасынан бастап Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысыЭкс-руководитель управления образования ЗКО переведена в МОН РК.

2018 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орта білім беру департаментінің басшысы.

2019 жылдың қарашасынан бастап Астана қаласы Білім басқармасының басшысы.

2021 жылдан бастап BINOM School мектептер желісінің басшысы. BINOM School желісінің дамуына және оның стратегиялық ілгерілеуіне жетекшілік етеді. Жоба білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы жүзеге асырылуда.

Қоғамдық қызметі 2025 жылдан бастап Қазақстан "Тоғызқұмалақ" федерациясының вице-президенті.

BINOM мектептері BINOM School — Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі негізінде жүзеге асырылып жатқан заманауи мектептер желісі. Жобаның мақсаты – урбанизация мен демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою және үш ауысымды мектептердегі жүктемені азайту. BINOM мектебі балаларды емтиханмен іріктеп алмайды. Балаларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасының білім беру ұйымындағы оқуға типтік ережелері негізінде жүзеге асырылды.

Дереккөздер

Санат:Педагогтар Санат:Білім беру тұлғалары Санат:Назарбаев Зияткерлік мектептері