Темне (тимне, тимене, тимманнее, а-темне, санда, йони)Современная энциклопедия - темне http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/temne — Сьерра-Леоне аумағында тұратын халық. Жалпы саны 1550 мың адам.Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/47046 Олар солтүстік – санда және оңтүстік – йони болып бөлінеді және 2 шағын этнографиялық топ – кунике және кхолифа ерекшеленелі.

Тілі Олар нигер-кордофан отбасының атлант тобының темне тілінде сөйлейді. Диалектілер: бомбали, кунике, йони.Темне https://megabook.ru/article/%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D0%BD%D0%B5

Діні Темнелердің көпшілігі дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады, бір бөлігі сүнниттік мұсылмандар, христиандар (католиктер мен протестанттар).Большой толковый словарь ~ Буква Т ~ Темне https://www.chitalnya.ru/tolkslovar/t/t1521.php

Тарихы Естеліктер бойынша, олар 15 ғасырдың басында Фута Джаллоннан көшіп келген. Олар 17 ғасырда исламды қабылдаған мандин халықтарының күшті ықпалын бастан кешірген. Олар қасиетті билеушілер (бай) басқаратын 44 рубасылар мен үлкен отбасылық қауымдар басшыларының кеңестерін құрады. 19 ғасырдың аяғында олар көсем Бай Буренің басшылығымен ағылшындарға қарсы көтеріліс жасады.Темне https://bigenc.ru/c/temne-fe6787

Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, тары, құмай, жүгері, жержаңғақ, маниок, май пальмасы, кола жаңғағы). Ұсақ мал мен құс өсіру, өзеннен балық аулау (әйелдердің кәсібі). Дәстүрлі қолөнер - тоқу және ұсталық (ерлер кәсібі). Маусымдық жұмыстар какао және кофе плантацияларында, сондай-ақ тау-кен орталықтарында (Марампа қаласындағы темір рудалары және т.б.) кең таралған.Народы и культуры Темне https://travel-journal.ru/ethno/46/1317/

Өмір салты Патрилинейлік рулар (абуна) және құпия одақтар болды (ерлер — поро, рагбенле, кофо; әйелдер — бунду, куре, баруба, рамен, Кинки). Неке қонысы вирилокалды, полигиния, сорорат, әмеңгерлік, қалыңмалды неке қолданылады.

Ауылдық елді мекендер - үлкен, төбелерде, жолдар мен өзендерге жанында орналасқан. Тұрғын үйлері саз іргетасқа салынған. Үйшіктер дөңгелек немесе төртбұрышты, қабырғалары тоқылған немесе саздан жасалған, төбесі пальма жапырақтарымен немесе тақтайшалармен, кейде темірмен жабылған.

Дәстүрлі киімдері белдемшеден және денеге оралған түрлі-түсті өрнекті матадан тұрады, ал қазіргі заманғы киім еуропалық үлгіде.

Тағамдары - күріш ботқасы, өсімдік майы қосылған бұқтырылған тағамдар, көкөністер, дәмдеуіштер.

Темнелердің бай музыкалық және би фольклоры бар.народы мира / Темне http://www.etnolog.ru/people.php?id=TEMN

Дереккөздер

Санат:Сьерра-Леоне халықтары