Рассел Алан Халс (; 28 қараша 1950, Нью-Йорк, АҚШ) — американдық физик, Джозеф Тейлормен бірге «гравитацияны зерттеуде жаңа мүмкіндіктер берген пульсарлардың жаңа түрін ашқаны үшін» физика бойынша 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

Рассел Халс пен Джозеф Тейлор 1974 жылы Аресибо радиотелескопында бақылаулар жүргізген кезде, олар алғаш рет қос PSR B1913+16 пульсарын ашты.

1991 жылы пульсар құрайтын осы жұп жұлдыздардың жиырылу орбитасын өлшеу салыстырмалылықтың жалпы теориясын және гравитациялық толқындарды шығару мүмкіндігін растады.

Марапаттары Физика бойынша Нобель сыйлығы, 1993

Дереккөздер

Сілтемелер 1993 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығы — астрономдар // К.А.Постнов, «Ғалам және біз» Нобель сайтындағы ақпарат Р. А. Халс. «Қос пульсардың ашылуы». Нобель дәрісі // Физика ғылымдарының жетістіктері, 164 том, 7 шығарылым, шілде 1994

Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ физиктері Санат:Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Физиктер