(253) Матильда — Негізгі белдеудегі астероид.

Оны 1885 жылы 12 қарашада Иоганн Пализа Вена обсерваториясында ашты.

Астероид Париж обсерваториясында істеген астроном Морис Левидің әйелі құрметіне орай аталды.

Өз осімен бұл аспан денесі 418 сағат ішінде (17 тәулікте) ғана айналады және ең баяу астероидтардың бірі болып келеді, басқа шағын аспан денелерінде бұл көрсеткіш 2—24 сағат аралығымен шектеледі. thumb|center|450px|Матильданың Күн жүйесіндегі орны

Зерттелуі 1997 жылдың маусымында НАСА ұшырған NEAR Shoemaker ғарыш кемесі бұл астероидтың маңынан өтіп, 500-ден астам фото түсірді. Нәтижеде астероид бетінің 60%-ға жуығы картаға түсірілді. (253) Матильда жақыннан зертелген үшінші астероид болды — (951) Гаспра мен (243) Идадан кейін.

Астероидтағы 23 кратерге өз атаулары берілді, олар Жердегі ең ірі көмір кен орындарының аттарымен аталды. Ең үлкен кратер Карру деп аталады, оның диаметрі — 33,4 шақырым.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (201—300) Жақыннан зерттелген астероидтар мен кометалар тізімі Санат:Астероидтар