Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков (2 тамыз 1952, Шу) — Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. 1996—2019 жылдары Президент Кеңсесінің бастығы және 2019—2023 жылдары Тұңғыш Президент кеңсесінің басшысы. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Қасымбеков Махмұд Базарқұлұлы

Өмірбаяны Арғын тайпасының Қаракесек руының Шұбыртпалы бөлімінен шыққан. Білімі жоғары, математика пәнінің мұғалімі, экономист. Еңбек жолын 1969 жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бастады. 1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының математика факультетін, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1973-1976 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары, кейіннен хатшысы болып істеді. 1976-1983 жылдары Фрунзе аудандық, Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1983-1990 жылдары Алматы облыстық және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде еңбек етті. 1990 жылдан – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты, кейіннен Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің меңгерушісі, ал кейіннен бастығы қызметін атқарды. 2019 жылдың 19 наурызынан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кеңсесінің басшысы. Бұл қызметті 2023 жылға дейін атқарды.

Марапаттары М.Б.Қасымбеков 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялаған, ол 25-ке тарта кітаптардың авторы, телавторы және құрастырушысы болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Құрмет» ордені 7 медальмен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:2 тамызда туғандар Санат:Шуда туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан саясаттанушылары Санат:Саясаттану ғылымының докторлары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденінің иегерлері Санат:Барыс орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері