Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі () — Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы дипломатиялық миссиясы. Елшілік АҚШ астанасы Вашингтон қаласында орналасқан.
Тарихы
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттар арасындағы дипломатиялық қатынастар 1991 жылғы 26 желтоқсанда орнатылған. Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі 1992 жылғы 30 қазанда ашылған. Е.Н. Ашықбаев 2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі болып табылады.
Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы мүдделеріне өкілдік етеді.
Елшіліктің негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру; Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Америка Құрама Штаттарында құқықтары мен мүдделерін қорғау; Қазақстан Республикасының АҚШ-пен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің АҚШ-пен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту; Қазақстан Республикасының АҚШ-пен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау; консулдық қызмет; өзге де міндеттер.
Елшілік ғимараты-1888 жылы салынған үлкен жамбас төбесі, көрнекті мұржалары және ерекше дөңгелек бұрыштық мұнарасы бар Ричардсон стиліндегі кең кірпіш үй. Үйді Чарльз мен Сэмюэль Эдмонтон бай газет шығарушының жесірі Сюзан Шилдс үшін жобалаған және салған. Бұл үйде бұрын АҚШ-тың 27-ші вице-президенті Джеймс Шерман болған. Ғимараттың сыртында Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін Алтын адам монументінің кішірек нұсқасы орналасқан.
Елшілер
Әлім Жамбурчин (1992-1994) Төлеутай Сүлейменов (1994-1996) Болат Нұрғалиев (1996-2000) Қанат Саудабаев (2001-2007) Еран Ыдырысов (2007-2012) Қайрат Омаров (2013-2017) Ержан Қазыханов (2017-2021) Ержан Ашықбаев (2021-қазіргі уақыт)
Байланыс Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін (екі мемлекеттің мереке күндерінен басқа), келушілерді қабылдау: 9: 00-18: 00 Телефон: +1 (202)-232-5488 Электронды пошта: [email protected]
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері