Петр Иванович Лерх Актуальные проблемы историографии древнего Казахстана (археология), А.-А.,1989. (1828 — 4 қыркүйек 1884, Гамбург) — шығыстанушы, археолог. 1850 ж. Санкт-Петербург университетін бітірген. 1858 ж. Н.И. Игнатьев бастаған елшілікпен бірге Хиуа мен Бұхараға барған сапарында бірнеше құнды қолжазбалар мен ортағасырлық теңгелер алып қайтты. 1867 ж. Археологиялық комиссияның тапсыруымен Түркістан өлкесін зерттеді. Сырдария бойындағы Сауран, Сығанақ қалаларында, Талас алқабының бірқатар қала орындарында болып, ортағасырлық Жанкент қаласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Полковник шенінде Қазалы уездініңнің бастығы болды. 1876 ж. шығыстанушылардың 3-Халықаралық конгресінің ұйымдастырушыларының бірі ретінде 7 — 8 ғасырлардағы Орталық Азиядағы ақшалар жөнінде баяндама жасады. Ол өзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен, мұқият сипаттаумен қоса, олар туралы жазбаша хабарларды іріктеп, осы үзінділерге талдау жасады және түсініктеме берді. Жазба деректерді өзінің археологиялық олжаларымен салыстыра келіп, ол қираған орындарды зерттеді. Лерх ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалаған ғалымдардың бірі болды.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Шығыстанушылар Санат:1828 жылы туғандар Санат:1884 жылы қайтыс болғандар