Брибри — Коста-Рикадағы үндіс халқы. Негізінен оңтүстік-шығыста (Таламанка аймағы), батыста шағын топ, сонымен қатар Панамада қоныстанған. Жалпы саны — 12 200 адам.
Тілі Ресми тілі - брибри тілі, Оңтүстік Американың чибча тобына жатады. Испан тілі де таралған.
Діні Олар негізінен католицизмді ұстанады. Протестантизм өкілдері де кездеседі.
Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, мақта, кейінірек кофе, банан). Аңшылықтың мәні төмендеуде. Дәстүрлі қолөнерден – тоқу, тоқымашылық дамыған. Ұсақ тауарлық өндіріс пен плантациялардағы еңбек дамып келеді.
Тұрмыс салты Көптеген басқа матрилиндік қоғамдар сияқты, брибрилер де туысқандық кландарға біріктірілген. Үйдің басшысы – әйел. Тек оған жерді иеленуге рұқсат етіледі және оны мұрагерлікке алады. Неке матрилокалдылық немесе неолокалдық.
Елді мекендер 2-3 үлкен үйден (әрқайсысында 25-30 адамнан) тұрған.
Какао Брибри мәдениетінде ерекше маңызға ие. Какао бұтақтары ешқашан отын ретінде пайдаланылмайды, тек әйелдерге қасиетті сусынды дайындауға және ұсынуға рұқсат етілген.
Дереккөздер
Санат:Орталық Америка үндістері Санат:Коста-Рика этникалық топтары