Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті — мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаcында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ведомствосы.

Тарихы 2011 жылы Байланыс және ақпарат министрлігінің жанынан Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті құрылып, әкімдіктердің халыққа қызмет көрсету орталықтары қарамағына берілді.Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы 2012 жылы комитет Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағына өтіп, 2014 жылы Байланыс және ақпарат агенттігінің құрамына енуіне байланысты таратылды. 2019 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті құрылды. 2025 жылы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрамына енді.

Міндеттері өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету мемлекеттік қызметтер көрсету және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету және "электрондық үкімет" саласындағы халықаралық ынтымақтастық"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Құрылымы Комитеттің 7 басқармаcы бар (2023 жылға): Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы әкімшілендіру басқармасы «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру басқармасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы үйлестіру басқармасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру басқармасы «Электрондық үкіметтің» сыртқы контур жобалары басқармасы «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасы Көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасы

Дереккөздер

М