Оседж — Америкадағы Оклахома штатында, Ұлы жазықтарда тұратын үндіс халқы.

Олардың жерлері шығыста черокилермен, батыста канзалармен, оңтүстікте пауни мен мускогтармен шектеседі.

Тілі Кейде дегих тілінің диалектісі ретінде жіктелген оседж тілінде сөйлейді. Ағылшын тілі де кең таралған.

Діні Сенушілердің діни байланысы: католиктер, протестанттар.

Тарихы XVII ғасырдың аяғынан бастап еуропалықтармен байланыс болды. XVIII ғасырда оседж еуропалықтармен саудаға түсіп, Луизианадағы француз-испан отаршылдық бәсекелестігінің орталығында болды. Француз саудагерлерінің ықпалымен пахатсидің жартысына жуығы және утсехтің бір бөлігі Вердигрис өзенінің сағасына (Қазіргі Оклахома штатының шығысында) Арканзас өзеніне қоныс аударып, санцукди тобын құрды. Бұл топ XIX ғасырда АҚШ-пен сауда қатынастарын сақтады. Олар өз жерлеріне қоныс аударған шығыс үндістеріне қатты қарсылық көрсетті, каддо, кайова, команчалармен қарсыласта болды.

XIX ғасырдың басында оседж саны 0,5 мың адам болды. 1825 жылға қарай олар Канзас штатының оңтүстігіндегі резервацияға көшірілді. XIX ғасырдың екінші жартысында оседж жерлері американдық фермерлерге сатылып, оседждер солтүстікке (Қазіргі Оклахома штаты) көшірілді. Қоныс аудару кезінде оседждардың жартысына жуығы қаза болды.

Кәсібі Негізгі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік және атпен бизон аулау.

Оклахома резервациясының аумағында мұнай мен газ кен орындары ашылды, бұл оседждердің әл-ауқатының артуына ықпал етті. Көбісі шағын кәсіпкерлікпен және мал шаруашылығымен айналысады.

Тұрмыс салты Тайпа 2 фратрияға бөлінді – «бейбіт» және «әскери», әрқайсысында 7 патрилиндік рулар болды. Жазғы аңшылық лагерінде цишу («бейбіт») рулары солтүстік жартысын, важаже («әскери») рулары оңтүстікті алып жатты.

Ауылдары әдетте оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінген, өзендердің бойында салынды, олардың әрқайсысын ақсақал басқарды. Тұрғын үйдің дәстүрлі түрі вигвам болды.

Ерлер киімдеріне былғары шалбар және туника түріндегі былғары жейде кірді. Әйелдер былғарыдан немесе матадан жасалған белдемше киген.

Дәстүрлі культтер — шамандық, нагуализм, аграрлық, кәсіптік және әскери. Дамыған мифология болды. ХІХ ғасырдың аяғында пейотизм тарады.

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:АҚШ этникалық топтары Санат:Америка халықтары