Хейвуд (Вуди) Аллен (; туған кездегі есімі — Аллан Стюарт Конигсберг ; 30 қазан, 1935, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, актер, кинопродюсер және комедиант. «Оскардың» төрт дүркін иегері, көптеген әңгімелер мен пьесалардың авторы. Аллен абсурд пен сатира элементтерін қамтитын тапқыр комедиялар мен психологиялық драмалары көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болды. Осы екі жанрдың қиылысында Аллен жаңа жанр — "интеллектуалды комедияның" негізін қалаушысы деп есептеледі. Вуди Аллен бірнеше рет қазіргі заманның ең ұлы және ықпалды кинорежиссерлерінің бірі ретінде танылды.
Таңдаулы фильмдері 1977 - Энни Холл / Annie Hall 1979 - Манхэттен / Manhattan 1983 - Зелиг / Zelig 1993 - Құдіретті Афродита / Mighty Aphrodite 1998 - Даңқтылық / Celebrity 2005 - Матч-пойнт / Match Point 2008 - Вики Кристина Барселона / Vicky Cristina Barcelona 2011 - Париж түн ортасында / Midnight in Paris 2012 - Римге махаббатпен / To Rome with Love 2016 - Қоғамның қаймағы / Café Society 2023 - Сәтті қадам / Coup de Chance 2023 - Слай / Sly
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік түпнұсқалық сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Давид ди Донателло сыйлығының иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері