Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті — мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомствосы.
Тарихы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті 2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрамында құрылды. Комитет 2023 жылы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, 2025 жылы ҚР Қорғаныс министрлігіне берілді.
Міндеттері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру Ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сенімгерлік басқарудағы ұйымдардың қызметін ұйымдастыру"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекiту туралы
Құрылымы Комитеттің 7 басқармасы бар (2023 жылға): Заң басқармасы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау басқармасы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бюджеттік жоспарлау басқармасы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бюджетінің атқарылуы басқармасы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орналастыру басқармасы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру басқармасы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты талдау басқармасы
Қарамағындағы мекемелер «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» ШЖҚ РМК
Дереккөздер
М