Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі  — Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы БҰҰ жанындағы дипломатиялық миссиясы. Дипломатиялық миссия АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.

Тарихы

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүше 1992 жылғы 2 наурызда болды. Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 1992 жылы 5 маусымда құрылды. Содан бері Қазақстан БҰҰ және оның мамандандырылған органдарының жұмысына белсенді қатысып келеді.

Бүгінде Қазақстан өзінің әріптестерімен бірге батыл саяси ерік-жігер мен іс-қимылдың арқасында жаһандық сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау үшін елеулі күш-жігер жұмсауды жалғастырып келеді және әлемнің жарқын, бейбіт және қауіпсіз болашағын толықтай ұстанады. Байланыс Телефондары +1-646-584-9997 +1-347-749-6071Электрондық адрес[email protected]

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері