Дэниел Фрэнсис Бойл (; 20 қазан 1956, Манчестер, Ұлыбритания) — британдық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Британ кино институты (BFI) оны «жанрларды шебер құбылтатын және қандай тақырыпты қолға алса да, өзіндік қолтаңбасын қалдыра білетін ең серпінді әрі болжап болмайтын британдық режиссерлердің бірі» деп сипаттайды.
Оның алғашқы туындысы — «Таяз қабір» (1994) картинасы «Үздік британдық фильм» номинациясында BAFTA сыйлығын иеленді. Ал одан кейін жарық көрген «Ине ұшында» (1996) фильмін Британ кино институты XX ғасырдағы ең ұлы британдық фильмдердің ондығына қосты. Режиссердің соңғы онжылдықтағы ең табысты британдық киножобасына айналған «Лашықтан шыққан миллионер» (2008) криминалдық драмасы он «Оскар» номинациясына ұсынылып, сегізін жеңіп алды, соның ішінде «Үздік режиссер» жүлдесі де бар. Осы еңбегі үшін ол «Алтын глобус» және BAFTA марапаттарын да қанжығасына байлады. Кейінірек Бойл адамның өмірге деген құштарлығын суреттейтін «127 сағат» (2010) драмасының сценарийін жазып, продюсерлік еткені үшін тағы екі мәрте «Оскарға» ұсынылды.
Бойлдың өзге де танымал туындыларының қатарында «Жағажай» (2000), «28 күннен кейін» (2002) блокбастері мен оның жалғасы «28 жылдан кейін» (2025), сондай-ақ «Күн сәулесі» (2007), «Стив Джобс» (2015), «Т2 Трейнспоттинг» (2017) және «Yesterday» (2019) туындылары бар. Бұдан бөлек, Бойл Лондонда өткен 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында бас көркемдік жетекші (режиссер) қызметін атқарды.
Фильмография
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Давид ди Донателло сыйлығының иегерлері Санат:Спутник сыйлығының иегерлері Санат:Эмми сыйлығының иегерлері