Yutong (, ресми түрде — Zhengzhou Yutong Group Co., Ltd. ) — қытайлық компания, автобустар мен электробустардың коммерциялық көлік өндірушісі. Компанияның штаб-пәтері Хэнань провинциясындағы Чжэнчжоу қалалық округінде орналасқан. Автобус өндірісінде компания MAN, ZF, Wabco, DAF, Cummins, Eaton, Allison, Nissan, Hino сияқты фирмалардың құрамдас бөліктерін пайдаланады. 2016 жылғы жағдай бойынша сату көлемі бойынша әлемдегі ең ірі автобус өндірушісі болып табылады.

Дереккөздер

Санат:Қытай компаниялары