Luxottica Group S.p.A. — италиялық көзілдіріктер шығаратын компания. 1961 жылы құрылған. Штаб-пәтері Италияның Милан қаласында орналасқан.
Компанияның акциялары Милан қор биржасында саудаланады, сонымен қатар FTSE MIB қор индексін есептеу базасына енгізілген.
нобай|оңға|Лаурианодағы зауыт
Luxottica әлемдегі танымал Chanel, Prada, Giorgio Armani, Burberry, Versace, Dolce and Gabbana, Michael Kors, Coach, Miu Miu және Tory Burch сияқты брендтерге арналған күннен қорғайтын көзілдірік пен көзілдіріктің жиектемесін жасайды.
2017 жылдың қаңтарында Luxottica Essilor-мен біріккені туралы жариялады.Chad Bray and Elizabeth Paton, Luxottica, Owner of Ray-Ban, in $49 Billion Merger With Essilor . The New York Times, 2017/01/16. Біріккен компания көзілдірік нарығында жаһандық сатылымның төрттен бірінен астамын бақылайды. 2018 жылдың наурыз айында Еуропалық комиссия Essilor және Luxottica компанияларының бірігуін сөзсіз мақұлдады. 2018 жылдың 1 қазанында жаңа EssilorLuxottica холдингі құрылды, нәтижесінде жиынтық нарықтық капиталдандыруы шамамен 70 миллиард долларды құрады.
Дереккөздер
Санат:Италия компаниялары