Шұбаркөл — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы кент.

Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 245 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен669543 1142 210,3 281 806 286,8 262 336 128,2

Тарихы Кент аймағында 1983 жылы “Шұбаркөл көмір қимасы” ашылған. Іргесі 1987 жылы қаланған. Жерінің жалпы ауданы 379,5 мың га. Шұбаркөлде 5 шаруа қожалығы құрылған (2006). Кентте “Қазмарганец” аймақтық басқармасының бөлімшесі, “Қазхром” АҚ (ENRC) мен “Алаш” ЖАҚ-ның тиеу-тасымалдау “Орталық” стансасы орналасқан. 1999 жылдан “Западный” көмір қимасын игеру басталды. Басқа елді мекендермен автомобиль және темір жолдар арқылы байланысады. Арқалық-Шұбаркөл темір жолы өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері