(4179) Таутатис — Аполлондар тобына кіретін Жерге жақын астероид. Өлшемдері 4,26 × 2,03 × 1,70 шақырым.

Оны 1989 жылы 4 қаңтарда Кристиан Поллас Францияның оңтүстігіндегі обсерваторияда ашты.

Кельттердің жебеуші құдайы Тевтаттың құрметіне орай аталды.

2004 жылдың 29 қыркүйегінде ол Жерге қатты жақындап, астрономдарға көбірек мағлұмат жинауға мүмкіндік берді.

Зерттелуі 2012 жылдың 13 желтоқсанында қытайлық Чанъэ-2 ғарыш кемесі астероидтың жанынан ұшты.

Екі аспан денесінің арасындағы ең аз арақашықтық 3,2 шақырым құрды. Нәтижеде астероид бетінің сапалы фотосуреттері алынды.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (4101—4200) Жақыннан зерттелген астероидтар мен кометалар тізімі thumb|left|280px|Астероидтың орбитасы Санат:Астероидтар